Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-109 тіркелген) шешімін іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 26 "Әулиекөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-114 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурызда № 10 "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасында "500" сандары "2000" сандарымен алмастырылсын;
1-тармақтың 8) тармақшасында "25000" сандары "35000 сандарымен алмастырылсын;
1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:
тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен";
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшаның 2 тармағы келесі мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі;
"10) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар".
2. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл
ауданының әкімі Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
Әулиекөл аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Бондаренко А.И.
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Әулиекөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналы
кәсіпорнының бас дәрігері
________________ Шульгин С.В.
Әулиекөл селосының әкімі
________________ Лыфарь А.В.
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________________ Оспанов С.Ә.
"Әулиекөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Печникова Т.И.
"Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Төребаева З.Ш.