"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 112 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-7-119 тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2010 жылғы 20 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
министрлігі Қостанай облысы Ішкі Істер
Департаментінің Әулиекөл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
Әбдіқалықов Қайрат Әмірғалиұлы
"Әулиекөл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Түгелбаев Марат Теңізбайұлы
Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы
денсаулық сақтау басқармасының
"Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналы
кәсіпорнының бас дәрігері
Шульгин Сергей Владимирович