Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 112 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 9-7-119 тіркелді

     "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 "Қазақстан Республикасының Карулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір – маусымында, қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3714 тіркелген) қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында шақыру күніне дейін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай–ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орнындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы ұйымдастырылсын және жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
      2. Село, кент және селолық округтер әкімдеріне аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына барынша ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
      1) әскерге шақырылғандарды шақыру жүргізілетіні туралы уақытында хабарландыруды ұйымдастыру;
      2) алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.09.01 № 254 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      3. "Қостанай облысының Әулиекөл аудынының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мелекеттік мекемесі (келiсiм бойынша) әскерге шақыру кезеңіне келісім–шарт негізінде әскерге шақырушылардың жеке істерін ресімдеу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі техникалық қызметкер бөлсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) өз құзыреті шегінде жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
      2) шақыру пунктында әскерге шақырылынғандар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
      3) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласының жиналу пунктіне аттандырғанда әскерге шақырылғандардың автобустарын ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
      5. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды "Қостанай облысының Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржылындарудың жоспарында көзделген бос қаражат есебінен қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірде шыққанынан бастап іс-қимылға таратылады.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
      министрлігі Қостанай облысы Ішкі Істер
      Департаментінің Әулиекөл ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Жағыпаров Арыстан Жұмашұлы

      "Қостанай облысының Әулиекөл ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      Түгелбаев Марат Теңізбайұлы

      Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы
      денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл
      аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      Шульгин Сергей Владимирович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады