Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған Денисов ауданының әкімшілік аумағында тұрған халықтың нысаналы топтары анықталсын, қосымшаға сәйкес.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды жұмыспен қамту үшін шаралар ескерсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Мұратбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының
әкімі А. Кушнир
Әкімдіктің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына қосымша
2010 жылға арналған Денисов ауданының әкімшілік
аумағында тұрған халықтың нысаналы топтары
1. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның жойылуына, немесе жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, немесе қызметкерлердің штат саны қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
3. Жалғыз аналар.
4. Аз қамтылғандар.
5. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
6. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
7. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.
8. Зейнеткерлікке шығу алдында жастағы адамдар (жасына қарағанда зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
9. Мүгедектер.
10. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
11. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
12. Оралмандар.
13. Көп уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жыл және одан да көп).
14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
15. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
16. Елу жастан үлкен тұлғалар.
17. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасымен бойынша кәсіптік оқуды бітірген тұлғалар.