Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 34 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда № 9-8-149 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 16.03.2016 № 77 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов ауданы бойынша барлық жұмыс орындар санынан үш пайыз көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектердің жұмыс орындарға орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Денисов ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ
      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________ Д. Мұсылманқұлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады