Қазақстан Республикасының азаматтарын Денисов ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы 

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 13 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 желтоқсанда № 9-8-164 тіркелді. Мерзімі аяқталғанына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 сәуірде № 585 хатымен

      Ескерту. Мерзімі аяқталғанына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2011.04.29 № 585 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, 2011 жылдың қаңтар мен наурызға дейінгі кезеңде "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды және уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жағынан ұсыныс берілсін.
      4. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Денисов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізу, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру беру жөнінде ұсыныс берілсін. Әскери-оқу орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.
      5. Осы шешімін орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер
      департаменті Денисов ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _________________________ Т. Ақанов

      "Қостанай облысы Денисов ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Слободюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады