Жангелдин ауданы елді-мекендер аумағында төленетін жер салығының базалық мөлшерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 167 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда № 9-9-117 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2012.02.15 № 13 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жангелдин ауданы елді–мекендер аумағында автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Т. Ахметов

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Т. Даркенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин ауданы бойынша
      салық басқармасы мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Х. Зейнеке
      23.02.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады