Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 03.04.2015 № 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жангелдин ауданында бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихаты
кезектен тыс сессиясының төрағасы Т. Ахметов
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Даркенов
КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин ауданы бойынша
салық басқармасы мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Х. Зейнеке
23.02.2010 ж.
Мәслихаттың
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 168 шешіміне қосымша
Жангелдин ауданында бірыңғай
тіркелген салық ставкаларының мөлшері
№ р/с | Салық салу объектісінің атауы |
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын |
1 |
2 |
Біреуден артық |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |