Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпанындағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 234 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда № 9-10-137 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 205 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 4 тармағына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" 2008 жылғы 8 ақпанындағы № 54 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-93 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мәслихат шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      атауы және 1 тармағы "білім беру" сөзінен кейін "және мәдениет" сөздерімен толықтырылсын;
      кіріспе "жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

      Жітіқара аудандық
      мәслихаты он бірінші
      сессиясының төрағасы                       З. Асадуллин

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Г. Алпысбаева

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жітіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы __________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады