Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 08.01.2016 № 404 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Сессияның төрағасы Г. Гордей
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы М. Кененбаева
КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Г. Жидебаева
Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 205 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған шешімдерінің
тізбесі
1. Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларі теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-93 тіркелген, 2008 жылғы 21 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған);
2. Мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 234 "Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларі теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-137 тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған);
3. Мәслихаттың 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 168 "Мәслихаттың 2008 жылғы 8 ақпандағы № 54 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтіндердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларі теңестіріліп, аудандық бюджет қаржысы есебінен қызметтің осы түрлерімен айналысушы қала жағдайында өмір сүретін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру салаларындағы қызметші азаматтардың жалақыларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4277 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).