"2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 151 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 сәуірде № 9-10-139 тіркелді 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақта:
      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) мүгедектерге халықаралық мүгедектер күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      8) тармақшада "300" сандары "1400" сандарымен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен білім алушы жастардың техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алуымен байланысты шығындарын төлеу үшін жылына оқу құнының нақты мөлшерінде;
      10) Жеңіс Күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне біржолғы 35000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде;
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде.";
      3 тармақта:
      "6)" санынан кейін ",9)" санымен толықтырылсын;
      "өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама" сөздерінен кейін "; тиісті оқу жылындағы оқудың фактісін және өтемақы мөлшерін растаған оқу орнынан анықтама (білім алушылар үшін)." сөздерімен толықтырылсын;
      4 тармақта "8)," санынан кейін ", 4), 5), 9)" сандарымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ И. Григорьева

      "Жітіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады