Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 24.12.2015 № 403
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара ауданындағы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналасу үшін мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов