"2010 жылда нысаналы топтарын анықтамасы туралы"

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда № 9-11-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі тізбесі анықталсын:
      1) аз қамтамасыз етілгендер;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата - аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары білім орнын бітірген ұйымдардың түлектері;
      12) заңды тұлға – жұмыс берушінің жабылуына немесе жеке тұлғалы - жұмыс берушінің қызметінің тоқтатылуына, жұмысшылар штатының немесе санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      14) ұзақ (жыл және көбірек) уақыт жұмыс істемегендер тұлғалар;
      15) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
      16) бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері;
      17) толық емес отбасылардан жұмыссыздар;
      18) жоғары және жоғары оқу білім беру ұйымдарынан кейін жұмыс тәжірбиесі жоқ, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі түлектері.
      2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі есепте тұрған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін бар бос орындар мен бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу бірінші кезектегі құқығын, біліктілігін арттыруды, кәсіби даярлықтан өтуін, қоғамдық жұмыстарға қатысуын, сондай ақ әлеуметтік қорғаудың басқа да шараларын көрсетуді қамтамасыз етсін. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қабылданған шараларға ай сайынғы мониторинг жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қамысты ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Д. Құлманов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қамысты аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің бастығы
      _____________________ Иванченко Л.П.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады