Ұлы Отан соғысының 65 жылдық Жеңісіне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 59 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 сәуірде № 9-11-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қамысты аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 190 "Қамысты ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-99 болып тіркелінген) шешіміне сәйкес, Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылсын:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне - отыз бес мың теңге;
      2) Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына - он бес мың теңге.
      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдық қарсаңына, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек төлеу" 451020015 бюджеттік бағдарламалары бойынша жүргізілсін.
      3. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әр алушыға жасақталған тізімдер негізінде, тиісті банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ұйымдарда ашылған біржолғы материалдық көмекті алушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлемді жүзеге асырады, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамы 2010 жылғы 30 сәуір мерзіміне дейін, 2010 жылғы 30 сәуірден кейін қайтадан келген осы Қаулының 1 тармағында айтылған бұрынғы тұрғылықты жерден біржолғы материалдық көмек алмаған азаматтардың жекелеген санаттарына 2010 жылдың 31 шілдесіне дейін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қамысты
      ауданының әкiмi                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнің бастығы
      ___________ Әлпаева С.Ж.

      "Қамысты аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы
      ___________ Иванченко Л.П.

      "Қамысты ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы
      ________________ Нұржанова К.Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады