Азаматтардың жекелеген санаттарына 2010-2012 жылдарға арналған әлеуметтік көмек

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 72 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда № 9-12-135 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 1516-бабыларына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 225 "Қарабалық ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджет бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      қайтыс күніне дейін бірге тұрған отбасының мүшелеріне, немесе жерлеуді өткізген тұлғаларға қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді;
      қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге бір ата-анасына немесе басқа заңды өкіліне, егер олар баланың қаза болған күніне жұмыспен қамту мәселелер бойынша өкілетті органында жұмыссыз ретінде тіркелген болған жағдайда жиырма еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады;
      емдеу фазасында ұстайтын туберкулездің жұқпалы нысанымен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтандыруға жеті еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы жылдық әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілігіне бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде үш мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылар болып табылатын аз қамтылған азаматтарға тоқсанына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық түлік корзина мөлшерінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмектің қосымша түрі;
      "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген аз қамтылған азаматтарға бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 40 пайыз мөлшерінде құжаттаманы жүргізуге әлеуметтік көмек;
      18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауына байланысты шығынды өтеу жөніндегі есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде тексеру құнынан 100 пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде бір еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      Қостанай облысының оңалту орталығында сауықтырудан өткен мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде екі еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      халықтың әлеуметтік қорғау санаттарына жататын, жан табысы күнкөріс деңгейі шамасынан төмен отбасыларынан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жоғары білім алуына байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет арқылы оқитын отбасыларынан жастарға әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010.04.07 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - өкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      4. Әлеуметтік көмектің төлеуі екінші деңгейі банктер немесе банктық операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен өкілетті органмен тапсырылған тізімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      5. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджет бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландыруы іске асырылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталған іс-әрекетке таратылады.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов
 

Аудан әкімдігінің     
2010 жылғы 15 наурыздағы 
№ 72 қаулысына қосымша  

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізімі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010.04.07 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      1. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай – арыз беруші) жазбаша арызы;
      өлім туралы куәлігінің көшірмесі;
      қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркеуін куәландыратын өкілетті органынан анықтама;
      жұмыссыздың жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі;
      арыз берушінің жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі.
      Егер жерлеу отбасының мүшелерімен өткізілсе, арыз беруші азаматтарды тіркеу кітабының көшермесін ұсынады.
      Егер жерлеу қаза болған отбасының мүшелерімен өткізілмесе, арыз беруші жерлеудің өткізілгенін куәландырылатын құжаттың көшермесін ұсынады.
      2. Кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге:
      бір ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің жазбаша арызы;
      өлім туралы куәлігінің көшірмесі;
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      өкілетті органынан бір ата-анасының немесе заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі;
      баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған баланың баланы (қызды) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
      қамқоршылар (қорғаншылар) кәмелетке толмаған балаға қамқоршылықты (қорғаншылықты) тағайындау туралы жергілікті атқару органнан қаулы көшірмесін ұсынады.
      3. Емдеу фазасында ұстайтын туберкулездің жұқпалы нысанымен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтандыруға:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай – арыз беруші) жазбаша арызы;
      арыз берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы);
      арыз берішінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге тұрмыстық қажеттілігіне:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жазбаша арызы;
      арыз берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің куәлігі);
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      5. Азық түлік корзина мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылары болып табылатын аз қамтылған азаматтарға:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жазбаша арызы;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      6. Өкілетті органында тіркеуде тұратын аз қамтылған азаматтарға, құжаттамаға:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның сенімшілік тұлғаның шотына әлеуметтік көмегін есептеу туралы жазбаша арызы;
      сенімшілік тұлғаның әлеуметтік көмекті оның шотына аудару оның келісімі туралы жазбаша арызы;
      бейнесурет жасап шығарғаны үшін жеке есеп туралы куәландыратын кассалық чегі;
      куәлік жасауына төлем туралы квитанцияның көшірмесі.
      7. 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауына байланысты шығынды өтеу жөніндегі:
      бір ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің жазбаша арызы;
      18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауына "Қостанай облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорнының бағыттау көшірмесі;
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жасынан 18 жасына дейін мүгедек-балалар үшін);
      баланың мүгедектегі туралы анықтамасының көшірмесі;
      мүгедек-баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедекті асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады;
      қорғаншылар (қамқоршылар) кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы жергілікті атқару органынан қаулы көшірмесін ұсынады;
      тексеруге қолма-қол есеп жасалғанын куәландыратын кассалық чегі.
      8. Мүгедек күніне қарсы:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жазбаша арызы;
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек-бала үшін);
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен мүгедек үшін);
      мүгедектік туралы анықтаманың көшермесі;
      18 жасқа дейінгі мүгедек-баланың ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедекті баланы (қызды) асырап алу туралы сот шешімінің көшермесін ұсынады;
      қорғаншылар (қамқоршылар) жергілікті атқару органының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы қаулысының көшермесін ұсынады.
      9. Қостанай облысының оңалту орталығында сауықтырудан өткен мүгедектерге:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жазбаша арызы;
      амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан шығару қағазы;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.
      10. халықтың әлеуметтік қорғау санаттарына жататын, жан табысы күнкөріс деңгейі шамасынан төмен отбасыларынан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жоғары білім алуына байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет арқылы оқитын отбасыларынан жастарға:
      әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның жазбаша арызы;
      мекен-жай туралы анықтама;
      оқу орнынан анықтама;
      оқу бағасы туралы анықтама немесе шот-фактура;
      табыс туралы анықтама.
      11. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар көшермелер мен түпнұсқалар түрінде тексеріс үшін ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады