Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 1-3), 14) тармақшаларына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 3606 нөмірінде тіркелген), Қарабалық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 225 "Қарабалық ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 9-12-128 нөмірінде тіркелген) сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджет бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Азаматтардың жекелеген санаттарына 2010–2012 жылдарға арналған әлеуметтік көмек туралы" 2010 жылғы 15 наурыздағы № 72 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 9-12-135 нөмірінде тіркелген, 2010 жылы 1 сәуірінде "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың бесінші абзацында "монша және шаштараз қызметіне" деген сөздер "тұрмыстық қажеттілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыдағы қосымшасының 4 тармағында "монша және шаштараз қызметіне" деген сөздер "тұрмыстық қажеттілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.
Қарабалық ауданының әкімі Ф. Филиппов