Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 23.02.2015 № 43 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексі 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексінің 30-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған тұлғалар, арнайы дайындықты қажет етпейтін аумақты абаттандыруға байланысты және тағы басқа сондай қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ф. Филиппов
Әкімдіктің
2010 жылғы 7 сәуірдегі
№ 99 қаулысына қосымша
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Аймақты мұздан тазарту
2. Аймақты қардан тазарту
3. Аймақты қоқымнан тазарту
4. Аймақты тұрмыстық қоқыстардан тазарту
5. Аймақты арамшөптен тазарту
6. Ағаштарды шырпу
7. Ағаштарды ақтау
8. Ағаштарды отырғызу
9. Ағаш шарбақты жөндеу
10. Шарбақты бояу
11. Ғимараттарды ақтау
12. Ғимараттарды бояу
13. Гүл алаңы бөлу
14. Қолмен гүлзарды қазу