Қазақстан Республикасының азаматтарды Қарабалық ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы 

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 13 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қарашада № 9-12-147 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарды 2011 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу бойынша іс–шараларды ұйымдастыруға ұсынылсын.
      3. Селолық округтер, Тоғызақ селосы және Қарабалық кентінің әкімдері:
      1) тіркеуге жататын азаматтарды хабардар етілсін. және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етілсін;
      2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін шығарып салатын тұлғалар бөлінсін, тасу кезінде жазған оқиғаларды қақпайлау үшін шаралар қабылдасын.
      4. "Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттың бөлуін қарастырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер Департаментінің Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртібін қамтамасыз етуді ұсынылсын.
      6. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Қарабалық ауданының білім бөлімі" және "Қарабалық ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп:
      1) әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге аудан оқу орындарына дейін нарядты жеткізілсін;
      2) бастауыш әскери даярлаудың ұйымдастыру-оқытушыларды әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
      3) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысының басталуы туралы хабарлау бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілсін.
      4) әскери оқу орнына түсуге әрбір әскерге дейінгі шақырушылармен әскери кәсіптік бағыты мақсатымен жеке әңгімелесуді өткізілсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Хакимжановқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі                  Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысы Ішкі
      істер Департаментінің
      Қарабалық аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Н. Нархов
      2010 жылғы 19 қазанда

      "Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау
      басқармасының "Қарабалық
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорыны бас
      дәрігерінің міндетін атқарушы
      __________________ Т. Екимова
      2010 жылғы 19 қазанда

      "Қостанай облысы Қарабалық
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының уақытша
      міндет атқарушы
      ________________ С. Әймүқанов
      2010 жылғы 19 қазанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады