Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2010 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 11 маусымдағы № 310 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 маусымда № 9-14-131 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агро-өнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына, Қостанай ауданы әкімі міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 01-327/1237 хатын қарап, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы түрінде 2010 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      он екінші сессиясының төрағасы             В. Семейкин

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін
      атқарушы
      _________________ М. Шилина

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ А. Кузнецов

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ В. Осадчая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады