Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарды егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 226 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 маусымда № 9-15-128 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) астық дақылдарының егісі 14 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдардың егісі 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады