"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара ауданы әкімінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 06-57/567 хатын қарастырып, мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Қаленова
Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Ковальчук
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Әйсенова