Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2010 жылғы 26 қаңтарда № 9-16-99 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тiркеудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен бірлесіп тіркеу іс-шарасын өткізу ұсынылсын.
      3. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" (келiсiм бойынша), "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемелерi бірлесе отырып оқу орындарына әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге наряд жеткізсін, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары әскери оқу орындары жөніндегі анықтама материалдарымен қамтамасыз етілсін, олардың жұмыстары ұйымдастырылсын, "Науырзым тынысы" аудандық газеті арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарландыру берілсін, әскери оқу орындарына түсерде әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында тіркеу кезінде әрбір әскерге дейінгі азаматтармен жеке әңгімелесу жүргізу ұсынылсын.
      4. Ауылдар, селолар мен селолық округтердiң әкiмдерi:
      1) тіркеуден өту үшін азаматтардың комиссияға келуiн қамтамасыз етсiн;
      2) шақыру учаскесiне азаматтарды жеткізу үшін қызметкерлер бөлінсін, тасымалдау кезіңде қауыпты жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдансын.
      5. "Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi", "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемелерiне азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеуге байланысты, шараларды қаржыландыру "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасында қарастырылған қаражаттандыру есебінен жүзеге асырылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.
      7. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Науырзым ауданының білім беру бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      __________________ О. Әбенов

      "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      __________________ Р. Бөдекенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады