Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 82 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 мамырда № 9-16-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 181923-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
      3. "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;
      2) әскери қызметтен өту үшін жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу бойынша іс-шараларын ұйымдастырсын.
      4. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырушылардың уақытылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.
      6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
      2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.
      7. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкiмi                           Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті Науырзым ауданының
      iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнің бастығы
      __________________ О. Жанатов
      22 сәуір 2010 жыл

      "Қостанай облысы Науырзым ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Е. Смағұлов
      22 сәуір 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады