Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 147 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 9-17-99 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы  № 960 Жарлығына жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысының әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруга құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың, соңымен қатар жиырма жетіге жасы толмаған оқу орындарынан шығарылған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметті белгіленген мерзімде өтемеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және камтамасыз етілсін.
      2. Аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
      2) шақыру комиссиясының жұмыс істеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелту күндерінде қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде жұмысты ұйымдастыру.
      4. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктіне жіберу үшін уақытында және толық хабарландыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінде ескерілген мөлшерде "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде шақыруды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Сарыкөл
      ауданының әкімі                            Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қостанай облысы Сарыкөл
      ауданының қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң (ММ) бастығы
      _________________ Т. Өтегенов

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министірлігі Қостанай
      облысының ішкі істер департаменті
      Сарыкөл ауданының ішкі істер
      бөлімі" ММ бастығы
      ________________ Т. Қиақбаев

      "Сарыкөл орталық аудандық
      ауруханасы" коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның
      бас дәрiгерi
      ______________ Ж. Құсаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады