Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын іске асыру үшін стационарлық бөлме туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 104 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының 2010 жылғы 12 мамырда № 9-17-100 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 19.02.2013 № 78 қаулысымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, "Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарының бөлшек сауда Ережесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 99 қаулысына және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын іске асыруды реттеу мақсатында Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын іске асыру үшін стационарлық бөлме Ленин көшесі, 80 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшесінің ғимаратында анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДІ

      "Қазпошта" акционерлік қоғамның
      Сарыкөл бөлімшесінің бастығы
      _________________ А. Елисеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады