"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес,Сарыкөл ауданы әкімінің 2010 жылдың 20 сәуіріндегі № 07-18/350 хатын қарастырып, денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет және спорт салалары мамандарына қажеттілікті ескере отырып Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы Қ. Бийсенов
Аудандық мәслихатының хатшысы У. Айғұлақов
КЕЛІСІЛДІ
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылық бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы"
Марат Кәкімжанұлы Төлемісов
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Илияс Мыңжасарұлы Насыров