Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6-бабына, 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Сарыкөл ауданының 2010 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Сарыкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 162 шешіміне сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыкөл ауданының 2010 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Сарыкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 162 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 64 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-17-95 нөмірімен тіркелген, "Сарыкөл" газетінде 2010 жылы 18 сәуірде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:
"10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыс мұқтаждығына ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек арыз берген айдан тағайындалады және арыз берушінің қайтыс болғанына байланысты немесе оның Сарыкөл ауданының аумағынан тұрақты мекен жайға шығуына байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сарыкөл
ауданының әкімі Қ. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI:
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
__________________ Ю. Кондриков
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
қаржы бөлiмi" ММ бастығы
________________ Т. Лысяк
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi" ММ бастығы
_________________ I. Насыров