РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3) және 14) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Сарыкөл ауданының 2010 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Сарыкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 162 шешіміне сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек түрінде әлеуметтік төлемдер айқындалсын:
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек сәйкесті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ата-ананың біреуіне немесе басқа заңды өкіліне, қайтыс болған күнге жұмыссыз ретінде тіркелген болса төленеді;
2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек он еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған күніне дейін бірге түрған қайтыс болған отбасының мүшелеріне, немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
3) халықтың әлеуметтік қорғау топтарына жататын және облыстық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен оқитын жастарға техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейін және жоғары білім алумен байланысты шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек;
4) туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған адамдарға емдеудің демеу фазасында қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін біржолғы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедек күніне және Балаларды қорғау күніне 2000 (екі мың) теңгеден әлеуметтік көмек;
6) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) алты есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
7) мерекелік, есте каларлық және айрықша мәнді күндеріне (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, мүгедек балаларға, 1, 2 топтағы мүгедектерге) бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне ай сайын 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
9) Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5000 теңге мөлшерінде;
бұрынғы концлагердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, қаза тапқан әскери қызметшілердің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), қаза болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің (күйеулеріне) әйелдеріне, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты және басқа себептер (заңға қарсы әрекеттерден басқа) нәтижесінде мүгедектер деп танылған қаза тапқан соғысқа қатысушылардың, азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 3000 теңге мөлшерінде;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыс мұқтаждығына ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек арыз берген айдан тағайындалады және арыз берушінің қайтыс болғанына байланысты немесе оның Сарыкөл ауданының аумағынан тұрақты мекен жайға шығуына байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010.08.10 № 256 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-өкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
3. Мұқтажды азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға келісе анықталсын.
4. Анықталсын:
1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім уәкілетті органмен азаматтардың жеке категорияларына біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылданады;
2) халықтың әлеуметтік-қорғау тобына жататын жастарға әлеуметтік көмек өтініш берушіге төленеді;
5. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банктік операциялар түрлеріне лицензиялары бар ұйымдары арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Сарыкөл ауданы әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы Ә. Асанов
КЕЛIСIЛДI
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
_________________ Ю. Кондриков
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Т. Лысяк
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң экономика
және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ I. Насыров
Әкiмдiктің
2010 жылғы 18 ақпандағы
№ 64 қаулысына қосымша
Мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларына
әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар
тiзбесi
1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалпы құжаттар болып табылады:
әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мекен жайын растайтын құжат;
салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;
әлеуметтік жеке кодынің көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмектің жеке түрлерін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттар:
1) қайтыс болған кәмелетке толмағандарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке:
қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
баланың туу туралы анықтама немесе куәлігінің көшірмесі;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органнан анықтама, ата-анасының немесе заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке:
қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
жұмыссыздың мәртебесін растайтын анықтама;
қайтыс болған азаматтың мекен-жайын растайтын құжат;
егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, туыстық қатынасы дерегін растайтын құжат;
егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, салттық қызметтен алынған құжат немесе жерлеуді жүзеге асыруын растайтын анықтама;
3) жастарға білім алуымен байланысты шығыстарды өтеуге әлеуметтік көмек:
арыз берушінің оқуы туралы оқу орнынан анықтама;
оқу орнынан оқу құны туралы анықтама;
4) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға:
аурудың емдеу үстінде екенін растайтын емдеу мекемесінен анықтама;
5) мүгедек балаларға Мүгедек күніне және Балаларды қорғау күніне:
мүгедек балалардың өкілетті органмен бекітілген тізімі;
6 ) мерекелік, есте каларлық және айрықша мәнді күндеріне:
өкілетті органмен бекітілген мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларының тізімі;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қажеттілігіне:
өкілетті органмен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тізімі.
3. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалармен және көшірмелермен ұсынылады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтiнiшберушiге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іске қалыптастырылады.