"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағы негізінде ШЕШТІМ:
1. 2011 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жетіге толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге кепілдеме берілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне жасөспірімдерді тіркеу кезінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
4. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін жасөспірімдердің уақытылы келуін қамтамасыз етсін және әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қабылдауға көмек көрсетсін.
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданының әкімі Қ. Ғабдулин
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
Ішкі істер департаменті Сарыкөл
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы
___________ З. Төлеубаев
"Қостанай облысы Сарыкөл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
ММ бастығы
___________ Т. Өтегенов
"Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы"
коммуналдық қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері
_________ Ж. Құсаинов