"Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 239 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде № 9-18-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-67, "Шамшырақ" аудандық газетінде 2008 жылғы 29 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыдағы аталған қаулыға қосымшада:
      1-тармақ келесі редакцияда жариялансын:
      "1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымы:
      1) үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) бағып күту бойынша әлеуметтік қызметкер;
      3) арнайы әлеуметтік қызмет қажеттілігін анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер;
      4) әлеуметтік жұмыс бойынша маман.";
      2-баптың 2) тармақшасында "интернаттың меңгерушісі" сөзі алып тасталсын;
      2-баптың 4) тармақшасында "меңгерушісі" сөзінен кейін "әдістемелік" сөзімен толықтырылсын;
      2-баптың 9) тармақшасында "музыка жетекшісі" сөзінен кейін "мектепке дейінгі балалар ұйымы" сөзімен толықтырылсын;
      2-баптың 10) тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
      "10) аға вожатый;";
      2-баптың 13), 17), 18), 20) тармақшасы алып тасталсын;
      2- баб келесі мазмұндағы 21 тармақшамен толықтырылсын:
      "21) логопед.";
      3-баптың 1) тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
      "1) мәдениет мекемесінің директоры;";
      3-баптың 14) тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
      "14) мемлекеттік тілдегі құжаттар редакторы;".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі                      А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Таран аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______ С. Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады