"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарын және 2010 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" әкімдіктің қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-122 тіркелген, 2010 жылғы 25 наурызында "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) үш және одан да көп ай жұмыс істемеген жұмыссыздар",
"15) елу жастан асқан жұмыссыздар",
"16) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі"мемлекеттік мекемесі, бастық
________________ Е. Құдабаев
2010 жылғы 5 сәуір