"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесi санақтағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
14) үш және одан да көп ай жұмыс істемеген жұмыссыздар;
15) елу жастан асқан жұмыссыздар;
16) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.
Ескерту. 1-тармақ 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.04.05 № 140 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бастығына:
халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
4. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 24 "Халықтың нысаналы топтарын және 2010 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
_________________ Е. Құдабаев
2010 жылғы 5 ақпан