"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының ер жынысты, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын азаматтарын "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылғы қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Федоров аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесімен бірге тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
3. Селолық округтар мен Федоров селосының әкімдері:
1) тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырсын және олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін азаматтарды жіберсін, оларды жеткізу кезінде қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін шара қолдансын.
4. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тіркеу іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қарастырсын.
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Федоров ауданының Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркелеу жүргізу кезінде шақыру учаскесіне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұйымдастырылсын.
6. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Федоров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге:
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу нарядты оқу орындарына жеткізу;
2) бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыратын оқушыларды әскери оқулық материалдармен қамтамасыз етсін және олардың жұмыстардың ұйымдастыру;
3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жұмысының басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдар арқылы хабарлама беру;
4) әскери оқу орындарына оқуға бару мақсатында, әскери шақырылатын жасындағы азаматтармен жеке әңгімелесі жүргізу ұйымдастырылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров
ауданының әкімі К. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Федоров
ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлім" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Е. Тортаев
"Қостанай облысы Федоров
ауданының Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Е. Файзуллин
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
"Федоров аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорынының бас дәрігері
__________________ В. Финк