"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "Қаз Агро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеу шарттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 58/5 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 наурызда N 3160 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 369/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 543-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "Қаз Агро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттерді берудің келесі шарттары белгіленсін:
      беру мақсаты - ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау, ауыл тұрғындарын шағын кредиттеумен қамтамасыз ету;
      кредит мөлшері - 100 млн. теңге;
      кредит валютасы - теңге;
      кредит беру мерзімі - 5 жылға дейін;
      кредитті игеру кезеңі - 2010 жылғы 31 желтоқсан;
      соңғы қарызгер үшін белгіленген сыйақы мөлшерлемесі жылына 9,5% мөлшерінде, соның ішінде кредит ретінде берілген бюджет қаражаты үшін - жылына бюджет пайдасына аударуға жататыны 0,01%;
      бір соңғы қарызгерге кредит қаражатын бөлудің ең төменгі сомасы - 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш, ең жоғары сомасы - 8000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткіш.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Закарияновқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады