Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 03.09.2014 N 1-11/560 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" кодексi (Салық кодексі) 495-бабының 9-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2011 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Р. Гайнулин
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
(IV сайланған, XXIX сессиясы)
N 321/29 шешіміне
қосымша
Павлодар облысы бойынша 2011 жылға арналған қоршаған
ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Тұрақты көздерден шығатын ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рр/с N | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Күкірт тотықтары |
20,00 |
|
2. |
Азот тотықтары |
20,00 |
|
3. |
Шаң және күл |
10,00 |
|
4. |
Қорғасын және оның қосындылары |
3 986,00 |
|
5. |
Күкіртсутегі |
124,00 |
|
6. |
Фенолдар |
332,00 |
|
7. |
Көмірсутектері |
0,32 |
|
8. |
Формальдегид |
332,00 |
|
9. |
Көміртегі тотықтары |
0,32 |
|
10. |
Метан |
0,02 |
|
11. |
Күйе |
24,00 |
|
12. |
Темір тотықтары |
30,00 |
|
13. |
Аммиак |
24,00 |
|
14. |
Алты валентті хром |
798,00 |
|
15. |
Мыс тотықтары |
598,00 |
|
16. |
Бенз(а)пирен |
996,60 |
2. Заңнамасымен белгіленген тәртіпте іске асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан шығатын ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с N | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. |
Көмірсутектері |
4,46 |
2. |
Көміртегі тотықтары |
1,46 |
3. |
Метан |
0,08 |
4. |
Күкірт диоксиді |
20,00 |
5. |
Азот диоксиді |
20,00 |
6. |
Күл |
24,00 |
7. |
Күкірт сутегі |
124,00 |
8. |
Меркаптан |
19 932,00 |
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға шығатын ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рр/с N | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
---|---|---|
1 |
2 |
3 |
1. |
Этилденбеген бензин үшін |
0,66 |
2. |
Дизель отыны үшін |
0,90 |
3. |
Сұйытылған, сығылған газ үшін |
0,48 |
4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рр/с N | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. |
Нитриттар |
1 340,00 |
2. |
Мырыш |
2 680,00 |
3. |
Мыс |
26 804,00 |
4. |
Оттегіне биологиялық сұраныс |
8,00 |
5. |
Тұзды аммоний |
68,00 |
6. |
Мұнай өнімдері |
536,00 |
7. |
Нитраттар |
2,00 |
8. |
Жалпы темір |
268,00 |
9. |
Сульфаттар (анион) |
0,80 |
10. |
Өлшенген заттар |
2,00 |
11. |
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар |
54,00 |
12. |
Хлоридтер (анион) |
0,20 |
13. |
Алюминий |
54,00 |
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет N | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
---|---|---|---|
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. |
Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін: |
||
1.1. |
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) |
0,38 |
|
1.2. |
Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар: |
||
1.2.1 |
"қызыл" тізім |
14,00 |
|
1.2.2 |
"янтарь" тізім |
8,00 |
|
1.2.3 |
"жасыл" тізім |
2,00 |
|
1.2.4 |
жіктелмегендер |
0,90 |
|
1.3. |
Бұдан басқа: |
||
1.3.1 |
аршынды жыныстар |
0,004 |
|
1.3.2 |
жанас таужыныстары |
0,026 |
|
1.3.3 |
Байыту қалдықтары |
0,02 |
|
1.3.4 |
шламдары, қалдықтары |
0,038 |
|
1.3.5 |
күл мен күлшлактар |
0,66 |
|
1.3.6 |
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары |
0,018 |
|
1.3.7 |
Элементарлық ж/е техникалық кукірт |
7,54 |
|
2. |
Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): |
||
2.1. |
Трансуранды |
0,76 |
|
2.2. |
Альфа-радиоактивті |
0,38 |
|
2.3. |
Бета-радиоактивті |
0,04 |
|
2.4. |
Шынақты радиоактивті көздер |
0,38 |
6. Ескерту:
1) коммуналдық қызметтер көрсету барысында түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен энергия өндіруші ұйымдары үшін төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер енгізіледі:
1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
5-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды іске асыратын полигондар үшін тұрғылықты жерлер бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолда белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффиценті қолданылады;
3) 1), 2) тармақшаларда қаралған ескертпедегі женілдік коэффициенттерді қоршаған ортаға эмиссиясының жоғары нормативтік көлемі үшін төлеміне қолданылмайды.
4) белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.