Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 592/14 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 маусымда N 12-1-157 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 1619/23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы  30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы "Сарыарқа самалы" N 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Сарыарқа самалы" N 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы "Версия" N 10 газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      "Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы:
      20-тармақтағы:
      13)-тармақшасындағы бірінші абзацта "қайтыс болған соғыс мүгедектері мен оларға тең келетін мүгедектердің неке құрмаған әйелдері (ерлері) және де қайтыс болған соғысқа қатысушылар, партизандар, астыртын әрекет етушілер, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтардың әйелдері (ерлері)" сөздерінен кейін "ҰОС кезінде арнайы құрамалардың жұмысшылары" сөздерімен толықтырылсын;
      "2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тізімінде жоқ ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, Жеңіс Күнінің 65-жылдығына тұрғын үйді жөндеу үшін 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде" абзацпен толықтырылсын;
      "30) тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарынан жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті мөлшерінен төмен жүкті әйелдер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үш ай аралығында, жүктілік бойынша ерте есепке тұрғанын растайтын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;" 30)-тармақшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі                   Б. Жоламанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады