2010 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 191/23 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 12-2-131 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы N 1-11/43 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 11.03.2014 N 1-11/43 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXII кезектен тыс сессиясы) 2010 жылғы 3 ақпандағы "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 265/22 шешімі негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 70 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы, қосымшаға сәйкес, берілсін.
      2. Айлық есеп көрсеткіші алты жүз отыз есе мөлшерден аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Аманғалиев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Ақсу қалалық мәслихатының      
(IV сайланған XXIII кезектен тыс сессиясы)
2010 жылғы 12 ақпандағы  N 191/23 шешіміне
қосымша               

Елді мекеннің атауы

Саны

1 адамға төленетін сома (теңге)

Жалпы сома (теңге)

Ақсу аймағы

17

70 АЕК (98910)

1681470

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады