Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін Ақсу қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 05 қарашадағы N 775/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 желтоқсанда N 12-2-160 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы N 536/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012.08.13 N 536/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне әлеуметтік көмекке мұқтаждарға және жұмыс іздестіргенде қиыншылықты бастан кешіріп жүргендерге жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу өңірінің кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында (келісім бойынша) бас бостандағынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Ақсу қаласынын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс тандауға, жұмыс берушілерге (келісім бойынша) тиісті жолдамалар беру жолымен, жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

      Келісілді:

      "Энергетик" тұтыну меншік иелері
      кооперативінің төрағасы
      2010 жылғы 05 қараша                       В.Косых

      "Радуга-1" үй-жай меншік иелері
      кооперативінің төрағасы
      2010 жылғы 05 қараша                       Б. Идрисова

      "Достык - Ақсу" пәтерлердің меншік
      иелері кооперативінің төрағасы
      2010 жылғы 05 қараша                       Н. Окулова

      "Таир-1" пәтерлердің меншік иелері
      кооперативінің төрағасы
      2010 жылғы 05 қараша                       Д. Габешия

      "Отан-2" пәтерлердің меншік иелері
      кооперативінің төрағасы
      2010 жылғы 05 қараша                       З. Иманбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады