Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 585/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж және жұмыс іздестіргенде қиыншылықты бастан кешіріп жүрген қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысандарына қарамастан (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде Ақсу қаласының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналасуға жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін Ақсу қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 775/5 (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-2-160 болып тіркелді, 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 103-104 "Ақжол - Новый путь" қалалық газетінде жарияланды) қаулының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Бақауов