Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 27 қарашадағы N 855/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 желтоқсанда N 12-2-162 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 243/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.04.11 N 243/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Тиісті жылға республикалық бюджетпен белгіленген қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы ең аз жалақыдан кем емес мөлшерде, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмысты орындайтын жұмыскерлер үшін ең аз жалақының бір жарым мөлшеріндегі мөлшерде жүргізілсін.
      3. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер (келісім бойынша) тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
27 қараша N 855/6 қаулысына   
1-қосымша         

Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстар түрлері

      1. Қаланың, ауылдық елді мекендердің аумақтарын жинауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек.
      2. Жолдарды салуға және жөндеуге, су құбырларын, газ, кәріз және басқа коммуникацияларды жүргізуге көмектесу.
      3. Тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге көмектесу.
      4. Қаланы және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, және санитарлық тазалау, орман желектерін отырғызу.
      5. Мәдени мақсаттағы (спорт жарыстары, фестивалдар, балалар спорт алаңдарының ғимараттары, сырғанақтарды, мұз қалашықтарын және басқаларды салуға) ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға көмек.
      6. Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарды (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ, төлқұжаттандыру, сайлау, жазылу науқандары және т.б.) өткізуге қатысу.
      7. Қалада, кентте, ауылдар мен селолық округтерде коммуналдық меншік объектілерін күзетуге жәрдемдесу.
      8. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету.
      9. Шегіртке зиянкестерімен күрес.
      10. Волонтерлер.
      11. Қаланың тұрғын үй қорының лифтілерін сақтау.
      12. Саяжай учаскелерін күзетуге жәрдемдесу.
      13. Мемлекеттік органдарға, мекемелерге, ұйымдарға техникалық қызмет көрсетуге жәрдемдесу (әр түрлі төлемдерді жинау, жеке аулалардағы малдардың есебін жүргізу).
      14. Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар (техникалық қызметкерлер құрамы).
      15. Кешенді блок-модуліне (КБМ) қызмет көрсету және күзету.

Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
27 қараша N 855/6 қаулысына   
2-қосымша          

Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің тізбесі

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Горводоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. Ақсу қаласы әкімдігі Ақсу қаласының қаржы бөлімі "Теплосервис - Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша).
      3. "Горкомхоз - Ақсу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      4. "Ақсу қаласының жас натуралистер станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша).
      5. "Ақсу қаласының мәдени-сауық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      6. Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу - Коммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      7. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақсу орталық ауруханасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша).
      8. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақсу қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша).
      9. "Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы" Ақсу филиалы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша).
      10. "Ақсу қаласының мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
      11. Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      12. "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      13. "Ақсу қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      14. "Ақсу қаласы Ақсу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      16. "Ақсу қаласы Алғабас ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      17. "Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      18. Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      19. "Ақсу қаласы Ақжол селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      20. "Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      21. "Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      22. "Ақсу қаласы Еңбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      23. "Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      24. "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      25. "Ақсу қаласы Құркөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      26. "Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      27. "Ақсу қаласы Пограничный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      28. "Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      29. "Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      30. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      31. "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      32. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      33. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      34. "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      35. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      36. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      37. "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      38. "Ақсу қаласының сәулет және қала салу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      39. "БИБИ - АНА" Республикалық мүгедек әйелдер Қоғамы" Павлодар облыстық филиалы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады