Ақсу қаласы Пограничный селолық округінің Спутник станциясы көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аксу қаласы Пограничный селолық округ әкімінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 12 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 шілдеде N 12-2-151 тіркелген

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Спутник станциясы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақсу қаласы Пограничный селолық округінің Спутник станциясының атаулары жоқ келесі көшелеріне:
      1) N 1 үйден N 11 үй бойынша Строителей;
      2) N 12 үйден N 51 үй бойынша Железнодорожная;
      3) N 52 үйден N 61 үй бойынша Энергетиков көшесі деп аталсын.
      2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Пограничный селолық округінің әкімі        В. Штрауб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады