Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және ауыл тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының Автобаза тұйық көшесі Сахабиден Елубаев атындағы көшесі ретінде қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі Е. Машырықов