Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 28.06.2013 N 210/06 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылады:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) 29 жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
8) жыл ішінде жоғарғы, арнаулы орта және жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітіретін түлектер.
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталады:
1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға, зейнеткерлік алдындағы жасқа келген азаматтарға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізіледі;
2) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар жасайды.
3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге, уақытша әлеуметтік жұмыс орнын құруға және оқу мекемелерін бітірген жастарды тәжірибиесін өткізу үшін кез-келген нысандағы жеке меншік кәсіпорындар және ұйымдарымен (келісім бойынша) келісім-шарттар жасайды.
Жұмыс беруші жағынан қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім-шартпен анықталады.
4. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырады.
5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 шілдедегі "Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 108/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 12-5-66 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы N 35 (230) "Баянаул баурайы" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Қ. Шәкіров