Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.01.27 N 37/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөндіріс кешеніндегі Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚР АШМ ЕААИ) бас мемлекеттік инспекторының 2010 жылғы 23 қарашадағы ұсынысына сәйкес, жануарлардың құтыруының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылына (орталық мекен) жануарлардың құтыруы бойынша шектеуі шаралар қойылсын.
2. Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылына (орталық мекен) жануарлардың құтыруының алдын алу және жою бойынша кешенді жоспары (бұдан әрі - кешенді жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. ҚР АШМ ЕААИ ветеринарлы-санитарлық бөлімі (келісім бойынша) және Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті Департаментінің Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - МСЭҚДБ) (келісім бойынша) кешенді жоспарға сәйкес жануарлардың құтыруының алдын алу бойынша шаралар өткізсін.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау ҚР АШМ ЕААИ (Қ.С.Қозыбаев) және Ертіс ауданының МСЭҚДБ (З.Б.Дүйсембина) (келісім бойынша) жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко
Келісілді:
ҚР АШМ АӨК МИК ЕААИ бастығы
23 қараша 2010 ж. Қ. Қозыбаев
Келісілді:
ҚР ДСМ Ертіс ауданы бойынша
МСЭҚДБ бастығы
23 қараша 2010 ж. З. Дүйсембина
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
"Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің
Сілеті ауылына (орталық мекен) шектеулі
шараларды қою туралы" N 409/8 қаулысына
қосымша
Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің
Сілеті ауылына (орталық мекен) жануарлардың
құтыруының алдын алу және жою бойынша
КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
N | Шаралардың атаулары | Орындаушылар | Мерзімі | Бақылау |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Жағдайы нашар пунктердегі шаралар | ||||
1 |
Сілеті ауылының аймағына құтыруды енгізуін алдын алу және жою бойынша шараларды орындау және бақылау |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
2 |
Сілеті ауыл аймағынан және осы аймаққа малдар үшін азық, сондай-ақ малдан шыққан шикізат пен тағамдардың а/ш малдарының шығуымен енгізуіне тиым салу |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Шектеу салған мерзімінде |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
3 |
Сілеті ауылының клиникалық тексерісін күнделікті өткізу Ауру малдарды жедел түрде оқшаулап, жағу әдісімен жою |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Шектеу салған мерзімінде |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
4 |
Клиникалық сау малдарды нұсқауларға сәйкес құтырғандыққа қарсы вакцинасымен екпе жасалсын. Екпе жасалған малдарға бақылау белгіленсін |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Шектеу салған мерзімінде |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
5 |
Нұсқауға сәйкес жағдайы жоқ аймақта және ошақта дезинфекциялық шараларды іске асыру |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Шектеу салған мерзімінде |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
6 |
Ауылдық округ әкімдігі, аудан МСЭҚБ және барлық қызметтер арасында ақпаратпен уақытында ауысу |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
7 |
Ауыл аймағында қаңғырған ит пен мысықтарды ұстап жою және дала аңдарын ату бойынша шаралар қабылдау |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
2. Адамдардың денсаулығын қорғау
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|
8 |
Адамдарды құтырғандықтан қорғау және алдын алу бойынша шаралар өткізу |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
9 |
Қызмет көрсетуші персоналды арнайы киіммен қамтамасыз ету |
Ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі, Ертіс ауданының МСЭҚБ |
10 |
Мал союды тек қана ветеринар маманының рұқсатымен және келесі ветеринарлы-санитарлық сараптамасының өткізуімен ғана іске асыру |
Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Үнемі |
ҚР АШМ ЕААИ ветинарлы-санитарлық бөлімі |
11 |
Құтырғандықты алдын алу бойынша білімді насихаттау |
Ертіс ауданы МСЭҚБ Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
Үнемі |
Ертіс ауданы МСЭҚБ Ауылдық округ әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің ветеринарлық маманы, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі |
МСЭҚБ - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
ҚР АШМ ЕААИ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ертіс аудандық Аймақтық инспекциясы.