Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі аудынының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 87/4 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда N 12-9-110 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 7/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің N 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың 1)-тармақшасындағы "65000" саны "130000" санымен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1)-тармақшасындағы "сыйлықтар жинағы 30000 теңге көлемінде (жыл сайын 1 сәуірден 9 мамыр аралығында соғысқа қатысушысы немесе мүгедегі қайтыс болған жағдайда сыйлық жинағы отбасына беріледі)" сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақтың 1)-тармақшасының келесі мәтіндегі "көмір сатып алуға 30000 теңге көлемінде" абзацы алынып тасталсын;
      3-тармақтың 1)–тармақшасындағы пәтерлеріне жылы дәретхана салумен ағымды жөндеуге арналған "70000" саны "370000" санымен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1)–тармақшасындағы электрік пешті сатып алуға және орнатуға арналған "100000" саны "200000" санымен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 4)-тармақшасындағы "сыйлық жиынтығы сомасында" сөзі "бірреттік көмек сомасында" сөзімен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 4)-тармақшасындағы "(1 сәуірден 9 мамыр аралығында соғысқа қатысушысы қайтыс болған жағдайда сыйлық жинағы отбасына беріледі)" сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақтың 5)-тармақшасындағы "сыйлық жиынтығы сомасында" сөзі "бірреттік көмек сомасында" сөзімен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 5)-тармақшасындағы "(1 сәуірден 9 мамыр аралығында соғысқа қатысушысы қайтыс болған жағдайда сыйлық жинағы отбасына беріледі)" сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақтың 6)-тармақшасындағы "сыйлық жиынтығы сомасында" сөзі "бірреттік көмек сомасында" сөзімен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 6)-тармақшасындағы "(1 сәуірден 9 мамыр аралығында соғысқа қатысушысы қайтыс болған жағдайда сыйлық жинағы отбасына беріледі)" сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақтың 9)-тармақшасындағы "75000" саны "70" айлық есептік көрсеткішімен ауыстырылсын.
      2. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады