Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 17 маусымдағы N 157/6 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 маусымда N 12-9-115 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 06 наурыздағы N 90/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.08.04 N 188/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау туралы Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызыләскер ауылдық округіне сарып ауруы бойынша ұсақ қара малға шектеу салу.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.08.04 N 188/7 қаулысымен.
      2. Қызыләскер ауылдық округінің әкіміне шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:
      ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерін Қызыләскер ауылдық округі аумағынан басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкету;
      Қызыләскер ауылдық округі аумағынан қой етін шығару;
      Черное ауылы аумағында шөпті дайындау және сату;
      Черное ауылында көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу және оларға қатысу.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.08.04 N 188/7 қаулысымен.
      3. Лебяжі ауданының ветеринария бөлімінің бастығы ауру малды алу және олардың жойылуын қамтамасыз етсін.
      4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі (келісім бойынша) аудандық орталық ауруханамен (келісім бойынша) бірлесе ауылдық округ тұрғындары арасында алдын-алу түсіндіру шараларын өткізсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Байжановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

      КЕЛІСІЛДІ
      Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      департаменті бөлімінің бастығы
      2010.06.10 жылы                            А. Жәлелов

      Аудандық орталық
      аурухананың бас дәрігері
      2010.06.10 жылы                            А. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады