Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 17 маусымдағы "Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылына ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы" N 157/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 тамыздағы N 188/7 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда N 12-9-117 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 06 наурыздағы N 90/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау туралы Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 17 маусымдағы "Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылына ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы" N 157/6 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-115 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдедегі "Аққу үні" газетінің N 56 (74-50) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулы атауы келесі редакцияда жазылсын: "Қызыләскер ауылдық округіне ұсақ қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы";
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын "Қызыләскер ауылдық округіне сарып ауруы бойынша ұсақ қара малға шектеу салу";
      2-тармақтың 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын: "ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерін Қызыләскер ауылдық округі аумағынан басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкету";
      2-тармақтың 2 абзацы келесі редакцияда жазылсын: "Қызыләскер ауылдық округі аумағынан қой етін шығару".
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Байжановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н.Сағандықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      департаменті бөлімінің бастығы             А. Жәлелов

      2010 жылғы 02 тамыз

      Аудандық орталық аурухананың
      бас дәрігері                               А. Сыздықов

      2010 жылғы 02 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады