2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы N 8/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 12-13-99 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31 бап 1 тармағының 13)14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 18-1 бабына, 7 бабының  5-4 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін алты ай мерзіміне мақсатты топтан әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Жұмыссыздардың мақсатты тобындағы тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу туралы Ереже бекітілсін.
      3. Шарбақты ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобының қосымша тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсін (2 қосымша).
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеу шығындары Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төмен еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 9 ақпандағы  
N 8/1 қаулысымен    
бекітілді       

Мақсатты топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Ережесі

      1. Барлық меншік құрылымындағы жұмыс берушілер "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтініш береді (одан әрі - Өкілетті орган).
      2. Жұмыс берушілерді іріктеу жөнінде комиссия келесі шартпен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілердің тізімін бекітеді:
      - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа міндетті төлемдер бойынша қарызының болмауы;
      - кәсіпорын зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударым жасауды жүзеге асыру;
      - жұмысшыларға дер кезінде еңбекақы төлеуі;
      - жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес болуы;
      - кәсіпорында жұмыс күні ұзақтығын белгілеу мәселелері бойынша Еңбек кодексі нормаларын сақтауы.
      3. Жұмыс беруші Өкілетті органымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шарт бекітеді. Келісім-шартта тараптардың міндеті, жұмыс түрі, көлемі, еңбекақы мөлшері және төлеу шарты, мерзімі және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері, жіберілген жұмыссыздар саны көрсетіледі. Шарт 6 айға дейін мерзімде қолданылады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос жұмыс орындары қолданылмайды.
      4. Өкілетті органы мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдайды, онымен еңбек шартын бекітеді, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      6. Жұмыс беруші еңбекақы төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сонымен қатар әр айдың 25 күні өкілетті органына жұмыс күні кестесін және орындалған жұмыс актісін ұсынады.
      7. Мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу туралы осы ереженің орындалуын бақылау өкілетті органына жүктеледі.

Шарбақты ауданы әкімдігінің    
2010 жылғы 9 ақпандағы N 8/1 қаулысына
1 қосымша             

Шарбақты ауданы бойынша мақсатты топтағы
тұрғындардың қосымша тізбесі

      1. Отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларындағы жұмыссыздар.
      2. 21 жастан 24 жасқа дейінгі жастағы жастар.
      3. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар (бір жылдан аса).

Шарбақты ауданы әкімдігінің   
2010 жылғы 9 ақпандағы N 8/1 қаулысына
2 қосымша              

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс
берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамы

Гүлстан Сағынтайқызы Теміржанова

- Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Алмабек Төлешұлы Жаркенов

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері

Гүлмира Қаратайқызы Смаилханова

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Шайхислям Шайхыұлы Жанжаксин

- Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы (келісім бойынша);

Сероокая Людмила Григорьевна

- "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

Санат Жұмагелдіұлы Астаев

- аудан әкімінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады