2010 жылы Жол картасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 79/2 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда N 12-13-103 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31 бап 1 тармағы 13)14) тармақшалары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 18-1 бабы, 7 бап 5-4 тармақшасына сәйкес, Мемлекет Басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы "Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған Жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы тарнсферттері мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 259  қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін алты ай мерзіміне мақсатты топтан әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Жұмыссыздардың мақсатты тобындағы тұрғындарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу туралы Ереже бекітілсін.
      3. Шарбақты ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобының қосымша тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсін (2 қосымша).
      5. Жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы төлемі шығындары республикалық бюджет және жұмыс берушілер қаржысы есебінен жүргізіледі.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       Г. Теміржанова

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуір   
N 79/2 қаулысымен    
бекітілді        

Мақсатты топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушілерді іріктеу Ережесі

      1. Барлық меншік құрылымындағы жұмыс берушілер "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілетті органына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтініш береді (одан әрі - Өкілетті органы).
      2. Жұмыс берушілерді іріктеу жөнінде комиссия келесі шартпен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілердің тізімін бекітеді:
      кәсіпорыннның төлем қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа міндетті төлемдер бойынша қарызының болмауы;
      кәсіпорынның зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударым жасауды жүзеге асыруы;
      жұмысшыларға дер кезінде еңбекақы төлеуі;
      жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес болуы;
      кәсіпорында жұмыс күні ұзақтығын белгілеу мәселелері бойынша Еңбек кодексі нормаларын сақтауы.
      3. Жұмыс беруші Өкілетті органымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шарт бекітеді. Келісімшартта тараптардың міндеті, жұмыс түрі, көлемі, еңбекақы мөлшері және төлеу шарты, мерзімі және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері, жіберілген жұмыссыздар саны көрсетіледі. Шарт 6 айға дейін мерзімде қолданылады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос жұмыс орындары қолданылмайды.
      4. Өкілетті органы мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдайды, онымен еңбек шартын бекітеді, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      6. Бір әлеуметтік жұмыс орнының еңбек ақысының мөлшері "2010 жылғы 18 қаңтардағы N 2 мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге" сәйкес республикалық трансферттер есебінен кем дегенде 20,0 мың теңге және жұмыс берушінің жартылай төлемі 10,0 мың теңге - орташа еңбекақы 30,0 мың теңгеден кем болмауы тиіс.
      7. Жұмыс беруші еңбекақы төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сонымен қатар әр айдың 25 күні өкілетті органына жұмыс күні кестесін және орындалған жұмыс актісін, еңбекақы есептеу тізбесін ұсынады.
      8. Мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу туралы осы ереженің орындалуын бақылау өкілетті органына жүктеледі.

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуір   
N 79/2 қаулысына   
1 қосымша      

Шарбақты ауданы бойынша мақсатты
топтағы тұрғындардың қосымша тізбесі

      1. Отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасыларындағы жұмыссыздар.
      2. 21 жастан 24 жасқа дейінгі жастағы жастар.
      3. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар (бір жылдан артық).

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуір   
N 79/2 қаулысымен бекітілді
2 қосымша       

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін
жұмыс берушілерді іріктеу бойынша
комиссия құрамы

Теміржанова Гүлстан Сағынтайқызы

- Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Балашова Елена Николаевна

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Смаилханова Гүлмира Қаратайқызы

- "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Жанжаксин Шайхислям Шайхыұлы

- Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы (келісім бойынша);

Буркацкий Николай Ильич

- "Шарбақты ауданының ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады