Александровка және Жаңа-Ауыл ауылдарындағы көшелердін атауын қайта өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 1 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 мамырда N 12-13-106 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Александровка ауылында "Киров" көшесінің атауын "Достық" көшесіне;
      Александровка ауылында "50 лет Октября" көшесі "Жеңіс" көшесіне;
      Жаңа-Ауыл ауылында "60 лет Октября" көшесі "Жеңіс" көшесіне;
      Жаңа-Ауыл ауылында "1 мая" көшесі "1 мамыр" көшесі деп атауы қайта өзгертілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық ономастикалық комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Қ. Букаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады